"Аманат" партиясы Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті ұсыныпты
Премьер-министр лауазымына кім лайықты?
Мемлекет басшысына "Amanat" партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Президент әкімшілігінің жетекшісі Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.