Жаңалықтар

Семейде сауда үйі өртке ораныпты

Қызыл жалын өңірдегі ең ірі сауда үйін күйретті

Семей қаласында "Ақшың" сауда үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қаладағы киім-кешек саудаланатын ең ірі сауда орнында таңғы сағат 3.00 шамасында өрт шыққан. Қазіргі уақытта сол жерде өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатыр.

"Полиция қызметкерлері арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында кезекшілік етуде", - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Сондай-ақ, шаһардағы Найманбаев, Засядько, Чехов көшелерінде көлік қозғалысы шектелген.