Тоқаев Мәжілістің пленарлық отырысына қатысады
Жаңа кандидатура ұсынылмаұшы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кеткен еді.