Жаңалықтар

Уақытша премьер болған Склярды танисыз ба?

Роман Скляр туралы не білеміз?

Осыған дейін Қазақстан Үкіметінің отставкаға кеткенін хабарлаған едік. Үкімет басының орнына қазір уақытша міндетін атқарушы болып Роман Скляр тағайындалды. 

Біз Роман Скляр туралы не білеміз ? 

Осыған орай Newsroom.kz  порталы дайындаған ақпаратты назарларыңызға ұсынады. 

Роман Скляр 1971 жылы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. Украин. Мәскеу қазіргі замандық бизнес институтының «қаржы және несие"факультетін (1999) экономист мамандығы бойынша; Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2005) заңғылымдарының бакалавры мамандығы бойынша бітірген.    Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында Слесарь-монтажшы болып бастап, кейін «Вахинвест» БК-да техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер және коммерциялық салада қызмет еткен. 2002-2003 жылдары Павлодар облыстық дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының бөлім бастығы, 2003-2005 жж. Павлодар қаласында мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы болып еңбек етті. 

2005-2006 жж. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі, 2006-2007 жж. Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Одан кейін Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық (басқарма басшысы) департаментінің директоры (10.2007-10.2008) болды. 

2008 жылғы қазан айынан 2010 жылғы қараша айына дейінгі мерзімде Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен. 

2011 жылғы 17 мамырдан 2013 жылғы қазан айына дейін ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, 2014-2016 жж. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті болған. 

2016 жылғы наурызда «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты болып сайланды, Экономикалық реформа және аймақты дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 

2016 жылғы мамыр айында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі (05.2016-23.12.2016) болды. 2016 жылғы 23 желтоқсанда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалған.

2018-2019 жж. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі.

2019 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі.

2019 жылғы 25 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет», «Парасат» ордендері (2017 ж.) «Астананың 10 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.