Отставкаға кеткен Әлихан Смайылов кім еді?

Бұрынғы премьер министр туралы не білеміз?

Фото: Kazgazeta.kz

Бүгін, 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі қызметін атқарған Әлихан Смайыловтың отставкаға кеткенін хабарлаған едік. Экс-премьер министр туралы не білеміз?  Осыған орай Newsroom.kz  порталы дайындаған ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі болған Әлихан Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Сондай-ақ, 1996 жылы — ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

Ал, 1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған болатын.

Сонымен қатар, 1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті.

2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің 2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

 2015–2018 жж. — ҚР Президентінің көмекшісі. 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды. 

 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалған.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына және 2023 жылғы 30 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымында қызмет атқарған.

 

 

Жүктелуде...