Ақтауда Аққулар жаппай қырылыпты
21 желтоқсаннан бері үш апта бойы Қаракөлде аққулар жаппай қырылған.
Ақтауда Аққулардың жаппай қырылуынан кейін Rixos Aktau қонақүйіне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Newsroom.kz портады "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Ақпаратқа қарағанда, тексеру қорытындысы бойынша "Aktau Tourism Ltd" компаниясының табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтамағаны анықталған.
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 331-бап (Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу) және 328-бап (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) іс қозғалған.
Қазір әкімшілік айыппұл есептелуде. Департамент Қаракөлге ағынды суларды ағызуды ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген нормаларына немесе қалалық кәріз желілеріне ағынды суларды ағызуға тазарту дәрежесін келтіргенге дейін тоқтата тұру қажет екені туралы бұзушылықтарды жоюға ұйғарым шығарған.
Еске салайық, бұған дейін желіде Қаракөлге қара қошқыл сұйықтықтың төгіліп жатқаны түсірілген кадрлар пайда болған. Осыдан кейін Қаракөлге тазартылмаған қалдық су төгілуі мүмкін екені айтылды.
21 желтоқсаннан бері үш апта бойы Қаракөлде аққулар жаппай қырылған. Олардың саны қазір 870-ге жетті. Ресми мәлімет бойынша, бастапқы тексеріс қорытындысы "аққулар құс тұмауынан өлген" болуы мүмкін екенін көрсеткен. Кейін мамандар "құстар жем таппай суықта қырылған" деген тұжырым жасаған. Егер Қаракөлде аққулардың қырылуына қонақүй кінәлі екені расталса, оған айыппұл салынады.