Шымкентте 15 жасар қызды жүкті еткен өгей әкеге үкім шықты

03 Наурыз, 2020 226 0

Өгей әкесінің қылмысы қыз жүкті болған соң әшкере болған деп жазады Nur.kz.

Іс қаралу барысында ер азаматтың алдыңғы отбасыдан қыз баласы бар келіншекпен отау құрғаны анықталды. Екінші некеден үш балалы болыпты.

2019 жылдың басында жұбайының жоқтығын пайдаланып, өгей әке 15 жасар қызын зорлаған.

Жәбірленуші масқара болудан қорқып, болған мән-жайды жасырып, ешкімге тіс жармаған. Алайда уақыт өте келе аяғы ауыр екені анықталады.

Осыдан кейін ғана анасына болған жайды айтады. Ер кісіге қылмыстық іс қозғалады. Қылмыскер әке өз қылмысын  бірден мойындамайды.

Шымкент қаласының арнайы ауданаралық қылмыстық соты сотталушыны қылмыскер деп тауып, ҚР Қылмыстық ісінің 120 бабының 3 бөлігінің 3 тарауына сәйкес (қасақана кәмелетке толмаған қызды зорлау), 10 жылға бас бостандығынан айырылу туралы үкім шығарды. Және де мерзімін қатаң режимде өтейтін болады.

Үкіммен келіспеген сотталушы аппеляциялық шағым түсіріпті. Бірақ Шымкент қаласы ААҚС-ның соты үкімді өз күшінде қалдырды.

Тегтер: Шымкент, өгей, әке, зорлық, қылмыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.