Жаңалықтар

Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды

Шахмұрат Мүтәліп ҚБФ алдындағы міндеттерді бірлесіп орындаудың маңыздылығын атап өтті

5 ақпан күні Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық  жиыны өтті. Жиын барысында Федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Конференцияның кезекті отырысында өткен жыл қорытындыланып, ерлер және әйелдер командасы бас бапкерлерінің есебі баяандалды. ҚБФ жаңа басшысының сайлау отырыстың соңғы бөлігінде өтті.

Жаңа қызметінде алғаш рет сөз алған президент ҚБФ алдындағы міндеттерді бірлесіп орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол өзіне сенім артқан Қауымдастық мүшелеріне алғыс білдіріп, ортақ мақсатқа жету жолында өзінің бар күшін салатынын өз сөзінде келтірді.

«Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан боксын әрі қарай дамытуға, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың мүддесін қорғауға, ҚБФ ролін ел ішінде және халықаралық деңгейде арттыруға бар күшімді саламын. Биыл өтетін маңызды додалар қарсаңында команданың алдында үлкен бір мақсат тұр. Өз тарапымыздан дайындыққа қажетті барлық жағдайды жасауды жалғастыра береміз. Бірлесе еңбек ету арқылы отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз», - деді ҚБФ жаңа басшысы Шахмұрат Мүтәліп.