weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Павлодарда бұзылып кеткен дәрімен вакцинация жасапты

Екпе науқаны қаншалықты заңды жүруде?

Павлодарда бұзылып кеткен дәрімен вакцинация жасапты
Фото: depositphotos.com

Павлодар облысының прокуратурасында екпе науқаны барысындағы медициналық ұйымдарды тексеру қорытындылары айтылды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қадағалау органының деректері бойынша 21 миллион теңгеден астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды.

"Атап айтқанда,  Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен препараттар медициналық мекемелерге жіберілген. Павлодар емханаларының біріне препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні "Пентаксимнің" 135 дозасы берілді", - деді прокурорлар.

 Мерзімі өткен препараттармен екі бала вакцинацияланды.

"Тексеру арқылы кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды", - деп атап өтті ведомствода.

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралардан кейін жарамсыз препараттар жойылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→