Бәрекелді! 33 жастағы жігіт Жетісу облысы әкімінің аппаратын басқарады
Сәкен Ғалымұлы жаңа қызметке тағайындалды
Сәкен Ғалымұлы Түкібаев Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Cәкен Түкібаев 1991 жылы Қазақстан - Британ техникалық университетін, экономика және құқық академиясын бітірген. Ө. Жолдасбекова, Президент жанындағы АМУ. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын Астана қаласындағы "Мұнайгаз "Инжиринг компаниясы" ЖШС инженері болып бастаған.
Әр жылдары "ТАТЭК" АҚ экономисті, бірнеше бөлімдердің бас маманы;
Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бөлімінің басшысы;
Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары;
Премьер-Министр Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы;
Түркістан облысының Стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары;
Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың мамыр айынан бастап-облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.