Шымкентте апат болып, 1500 үй газсыз қапты
Апат салдарынан 7 өндірістік кәсіпорын да газсыз қалған
2024 жылғы 3 ақпанда сағат 21:45-те Шымкенттегі Мәртөбе елді мекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны анықталды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент әкімдігінің хабарлауынша, апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды.
Әкімдік қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 қол күші жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланады. Сіздерден газ крандарының жабық болуын қадағалауларыңызды сұраймыз. Газдың иісі байқалған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласыңыздар!" - делінген әкімдік хабарламасында.