Жас жазушы: қазақша боқтап үйренбей қазақ тілді болмаймыз
Қазір ойлап отырмын, қазақша боқтап үйренбей, балаларға қазақша әдемі боқтауды үйретпей қазақ тілді бола алмаспыз деп айтты жазушы
Түркістан облысының тумасы. "Иттің жасы", "Ақтаңдақты қара қыз", "Сағым жылдар", "Квант" әңгімелерінің авторы, жас жазушы Досхан Жылқыбай қазақша боқтап үйренбей қазақ тілді ел болмаймыз,-деді өз Facebook парақшасында ,-деп хабарлайды Newsroom.kz
- Орыс деген халыққа және орыс тілді халыққа бұрын ұлттық тұрғыда жек көрініш болатын. Енді жеке жек көру пайда болды менде. Бұл қызымның балабақшаға баруынан басталды.
Әсмә тек қазақша сөйлейтін. Тек қазақша мультфильм көрсеттік. Орысша шыға қалса жалма-жан ауыстырып тастаймыз немесе дыбысын өшіріп қоямыз. Солай сапасы төмен болса да қазақша мультфильмдер, қазақша аударылған Дисней сияқты компаниялардың туындыларын бірге көретін едік. Балабақшаға барды. 5-6 айдан кейін қызым орысша араластыра бастады. Сосын айтатын ертегілерімдегі антогонистерді ауыстыра бастадым. Менің ертегімдегі негізгі Әсмәнің немесе адамның жауы — орыстар мен орысша сөйлейтіндер. Сосын ара тұра қытайды жамандап қоямын. Аңдардың жаманы аю. Сосын қысық көзді Жаман айдаһар. Бөрі басты айдаһарлар “жақсы” образда.
Бір екі ай бұрын балабақшасында жиналыс өтті. Өзім бардым. Сөйтсем ата-аналар да орысша сөйлейді екен. Үйінде орысша өскен бала балабақшада қайдан қазақша сөйлесін.
Менің қызым қаланың ортасындағы қазақ балабақшасына барады. Бірақ балалардың дені орысша сөйлеп жүр. Ата-анасында ми жоқ па? Балаң орысша, өзің орысша сөйлейсің бе, апар орыс бақшасына. Орыс тобына бер. Жанымызды салып күресіп жүрміз, балам орысша сөйлемесін деп. Ал олардың балалары жәй ғана қазақ бақшасына келіп өзгелерге орысша үйретеді. Күйіп кеттім. Басқа топтарда тіпті орыс ата аналар бар. Жиналыста “балаларыңыз орысша сөйлесе, жолдың арғы бетінде орыс бақшасы бар. Сонда апарыңыздар” дедім. Сөйтсем “ол жақта орын жоқ” дейді. Екіншісі “алыс” дейді.
Жалпы біздің ұрпақтың миссиясы — баласын орыс тілінен қорғау. Принципті түрде. Бұрын түсіністікпен қараушы едім. Қазір жек көре бастадым. Өйткені үйренуге, балаларына қазақ тілін үйретуге талпынбайды олар.
Ауылдағы кісілер балаға бірінші қазақша әдемілеп боқтауды үйрететін еді ғой. Қазір ойлап отырмын, қазақша боқтап үйренбей, балаларға қазақша әдемі боқтауды үйретпей қазақ тілді бола алмаспыз. Өйткені боқтау сөз айтқанда адам миының бақытты сәттерге жауап беретін тұсы өте белсенділік танытатын көрінеді. Яғни боқтау адамға бақыт сыйлайды. Ал өзге тілде боқтап өскен бала “бақыт осы тілде екен” деп ойлап қалуы ықтимал ғой. Сондықтан бала қазақша боқтап үйренсе, ешқашан орыстанып кетпес.
Оның үстіне адам майып болып, ақыл есінен ауысқанда уақыи өте келе бірінші ана тіліндегі боқтауларды айта бастайды екен. Дәрігерлер соған қарап оның қай ұлттан екенін ажыратады. Яғни боқтау сөздердің ұлттық бірегейлікті сақтаудағы орыны ерекше.
Сондақтан терминдерді мыжғылай бергенше тілге еніп кеткен өге тілді боқтау сөздердің қазақша баламасын табу керек. Сосын сол сөздерді араластырып танымал әншілерге ән жазу керек.
Киноларда қазақша боқтауды жарнамалау керек.
Таңғалам, орыс ғалымдарының өзі орыс тіліне боқтау сөздердің түркілерден маңғол-татар шапқыншылығы кезінде келгенін мойындайды. Яғни оларға боқтауды біз үйреткен едік. Өзіміздің ұлттық боқтау сөздерімізді қай ғасырда, қай тұста жоғалтып алдық екен?!
Айтпақшы, пікірге тілімізге еніп кеткен жат боқтаулардың қазақша баламасын жазып кетіңіздер,-деп жазушы жазба қалдырып, оқырмандарынан пікір сұрады.