Қаза тапқан адамның несиесін кім өтеуі тиіс?
Адам қайтыс болғаннан кейін төленбеген несиелері болса, не істеу керек, оны кім және қалай өтеуі керек?
Қазақстан азаматтары мұрагерлікке мүлік пен ақша ғана емес, сонымен қатар қарыздарды, оның ішінде коммуналдық төлемдер мен несиені де алады,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Адам қайтыс болғаннан кейін төленбеген несиелері болса, не істеу керек, оны кім және қалай өтеуі керек?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) мәліметінше, мұрагер қайтыс болған туысының несиесін алудан бас тартуға құқылы. Алайда, бұл жағдайда басқа мұрадан да (болған жағдайда) бас тартуға мәжбүр болады. Өйткені мұраның бір бөлігінен ғана ескертпе немесе шарт айтып, бас тартуға заңмен жол берілмейді. Басқаша айтқанда, үш бөлмелі пәтерді мұраға алып, бұл ретте оның бұрынғы иесінің қарызын төлеуден бас тарта алмайсыз.
«Егер мұрагер мұраға кірмеу туралы шешім қабылдаса, онда ол ешқайда бармайды және өз құқығын мәлімдемемесе болады. Бұл жағдайда ол ешқандай әрекет жасамауы керек, яғни мұра қалдырушының мүлкін пайдалану, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, жөндеу жұмыстарын жүргізу және т.б. Егер мұрагер білместен мұраға кіру туралы өтініш беріп, содан кейін өз ойын өзгерткен болса, онда мұраға құқығы туралы куәлік алғанға дейін нотариусқа мұрадан бас тарту туралы өтініш беруі керек. Куәлікті алғаннан кейін мұрадан тек сот арқылы бас тартуға болады», — делінген агенттіктің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.
Егер адам мұраны қабылдауға шешім қабылдаса, онда ол мұра қалдырушының қарызы бар-жоғын сол нотариус арқылы біле алады. Маңызды: несие берушілер әдетте қарызды қарыз алушы қайтыс болған күні немесе қайтыс болу туралы куәлікті алған күндегі жағдай бойынша тоқтатады.