Жаңалықтар

iPhone смартфондары қазақстандықтарға жер сілкінісі туралы не себепті ескертпегені анықталды

Apple Қазақстан мен Қырғызстанды қызмет үшін қолжетімді апаттар туралы ескертулер тізіміне қоспаған.

Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Әділбек Қасымалиев Digital Almaty халықаралық цифрлық форумында Apple смартфондарын қолданушы екі ел тұрғындары жер сілкінісі туралы хабарламаны не себепті ертерек алмағанын түсіндірді,-деп хабаплайды Newsroom.kz порталы  Stan.kz -ке сілтеме жасап.

Әділбек Қасымалиевтің айтуынша, Apple Қазақстан мен Қырғызстанды қызмет үшін қолжетімді апаттар туралы ескертулер тізіміне қоспаған.

"Бір қызығы, Android смартфондарына жер сілкінісі туралы хабарлама жер сілкінісі болардың бір минут бұрын келген. Қайғылы жағдай басқа елдердегідей қайталанбағанына шүкір. Хабарландырудың iPhone-ға неге келмегенін тексердік. Apple компаниясы біздің елдерді апат туралы ескерту қызметі үшін қолжетімді елдер тізіміне қоспаған. Бұл қарапайым функция болып көрінгенімен, адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін", - деді Қырғызстан өкілі.

Сонымен қатар ол Google, Apple және Microsoft сияқты технологиялық компаниялармен диалог қажет екенін атап өтті.

"Технологиялық компаниялар ортақ игіліктер үшін жұмыс істейтін мемлекеттермен және үкіметтермен серіктес болуы керек", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Неге Google төтенше жағдайлар министрлігін басып озды және жер сілкінісі туралы ескерту кімдерге келгені туралы жазған едік.