Абат Айымбетов түрік футбол клубына ауысыпты
"Астана" шабуылшысы түрік клубымен келісімшарт жасасты
"АданаДемирспор" түрік клубы "Астана" шабуылшысы және Футболдан Қазақстан құрамасы Абат Айымбетовпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Келісім тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 1,5 жылға жасалды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қазақстандық футболшылар Түркия чемпионатында легионер болып саналмайды.
Қазақстандық футболшының жаңа клубы 2021-2022 жылдар маусымынан бастап Түркия Суперлигасында өнер көрсетіп келеді.
Айта кетейік, Абат Айымбетов өткен маусымда шабуылшы "Астана" сапында 45 матч өткізіп, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.