Фейсбук əлеуметтік желісіндегі 10 жылдық ақау түзетілді

03 Наурыз, 2020 260 0

Жүйедегі бұл ақау арқылы сіздің өзге де əлеуметтік желіңізге қол жеткізу мүмкіндігі жоғары. 

Марк Цукерберг негізін қалаған Facebook əлеуметтік желісінде сіздің кез келген аккаунтыңызды бұзуға мүмкіндік беретін ақау анықталды. Бұл туралы киберқауіпсіздік бойынша зерттеуші Амол Байкар (Amol Baikar) өз сайтында хабарлады.

Маманның айтуынша, бұл ақауға жобамен 10 жылдан асып кеткен. Осы уақытқа дейін біраз адамды сан соқтырған мəселе кез келген жүйеге Facebook арқылы OAuth 2.0. (Login with Facebook) авторизация протоколы арқылы жылдам əрі оңай кіруде болып тұр. Айта кетейік, бұл қолданушының өзге сервис кезіндегі уақытын үнемдеу үшін жасалған қадам еді. 

Байкара жүргізген зерттеуге сай киберқылмыскер осы арқылы залал келтіретін сайтты Сіздің жеке ақпараттарыңызды ұрлау үшін бағдарлай алады. Ал оның ішінде Facebook-те сақталған бар мəліметіңіз де қолды болмақ. 

Осыдан соң ұрлаған адам Сіздің аккаунтыңызды толық басқарып қоймай Instagram, Tinder жəне өзге де желіге қол жеткізеді. 

Байкар бұл ақауды Facebook компаниясына бар дəлелімен ұсынған. Өз кезегінде əлеуметтік желі қожайындары маманға 55 мың доллар көлемінде сыйақы берді.

Тегтер: фейсбук, əлеуметтікжелі, жүйе, ақау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.