Жаңалықтар

Елордада автобуста маскасыз жүргендер көп

Маскасыз кірмейсіз! Қоғамдық көліктер жұмысын бастағалы, елордалық жолаушыларға қойылған басты талап осы ғана болды. Алайда оған да құлақ аспай жатқандар әлі көп екен.   Бұған  астаналық  жолаушылар тасымалы компаниясының қызметкерлері қала автобустарында арнайы рейд жүргізу барысында көз жеткізген.   Жалпыға ортақ тәртіпке бағынбағандарға  бірден шара қолданылды.  Мамандар маскасыз жүріп, айналадағы адамдардың  өміріне қауіп төндірген жандардан  автобустан шығып кетуін сұрады.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Аға, автобусқа кірген бетте, маскамен кіру керек. неге маскаңыз жоқ? Задерживать не будем, пойдемте с нами не улицу» САМАТ ШАЙМЕРДЕНОВ,  «CTS» ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ  КОМПАНИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: «Біздің қызметкерлер тұрақты түрде рейдке шығып отырады.  Карантиннен соң, автобустар қайта жүре бастаған кездегі алғашқы күндермен салыстырсақ, әрине қазір маска тақпаған тұрғындардың саны әлдеқайда азайған.  Алайда тәртіпке бағынбайтындар әлі де бар.  Егер мұндай жандар азаймаса, қоғамдық көліктердің қозғалысын тоқтатудан басқа амал қалмайды. Елордалықтар осыны естен шығармағандары жөн.   Бетперде тақпау- тек сіздің ғана емес, айналадағы адамдардың өміріне де қауіп төндіреді». Дереккөз: Еуразия арнасынан