Шетелдіктер асырап алған Наргиздің халі қандай?
Юта штатындағы қазақ қызының жағдайы қалай?
Жанар Байсемізованың "Шетелдегі қазақ балалары" жобасында Юта штатындағы қазақ қызының тағдыры туралы айтылды,- деп хабарлайды newsroom.kz.
50 жасында Қазақстаннан екі бала асырап алған ата-ана қазақ балаларына деген махаббат-мейірімін аямауда екен. Шетелдік ата-ананың алдыңғы некесіндегі балаларды қосқанда жалпы 11 баласы бар.
"Іштей толыққандылық сезінбедім. Тағы да балам болғанын қаладым. Алғашында бала асырап алғым келетінін күйеуіме айтқанда ол келіспеді. Саған 9 бала да аз ба деді. Бірақ, артынша келісіп, Қазақстаннан бала асырап алуды шештік.
Шетелдік ата-ана Қазақстаннан бала асырап алуға 3 отбасы болып барыпты. Әрқайсысы екі-үш баладан алыпты. Мэри-Энн мен Брайан-Стронг Қазақстанның және белорустың бір қызын бауырына басқан.
"Балалар үйіне барғанымда Джулия өзі қасыма келді. Оны бауырыма бастым. Сол сәтте ерекше сезім сездім. Бірақ ол менен қашып кетті. Келесі күні Никольды көргенде бірден қызым болатынын сездім",- дейді Мэри Энн.
Никольдың шын аты - Наргиз. Елден бар болғаны 6 айлығында кеткен Николь қазір 21-де. Бала күнінен биді, әнді жақсы көріпті. Бірақ жүзу өнерін таңдапты. Юта штаты бойынша жүзуден бірінші орында екен. Қазақтың дара қызы өте өнерлі болып өсіпті. Қазір университетте оқиды. Бұдан бөлек, скрипкамен, құзға өрмелеумен, дизайн-интерьермен айналысады екен. Бұнымен қоса, IT- саласында сарапшы қызметін атқарып жүрген көрінеді.