Samsung Galaxy S20 сатылымның алғашқы күні сəтсіздікке ұшырады

02 Наурыз, 2020 208 0

Samsung Galaxy S20 компанияның алдыңғы смартфонымен салыстырғанда сатылымның алғашқы күні төмен нəтиже көрсетті, деп хабарлайды Newsroom.kz Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігіне сілтеме жасап. 

Ақпарат көзіне сенсек, бұл ең алдымен COVID-19, яғни коронавирус індеті мен жеңілдіктердің жоқтығымен жəне Samsung-ке риелторлар тарапынан бөлінетін субсидияның азаюымен байланысты. 

Кореяда 27 қаңтардағы алғашқы сатылым күні 70,8 мың жаңа ұялы телефон өз иесін тапқан. 

Ал өткен жылы жарыққа шыққан Galaxy S10-ның алғашқы күні 140 мың данасы өткен еді. Ал The Korea Herald мəліметінше, бірінші күнде əлемдік сатылым 220 мыңнан асқан. 

Жалпы Samsung Galaxy S20 ақпанның ортасында таныстырылған-ды. Ұялы телефон AMOLED-экран, нарықтағы ең мықты процессор Snapdragon 865 бен Exynos 990-мен жабдықталған. Сондай-ақ, осы санаттағы Galaxy S20 Ultra телефоны 108 мегапикселдік камераға ие.

Тегтер: SamsungGalaxyS20, Қазақстан, сатылым, баға, ұялытелефон

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.