Жаңалықтар

Заң қайда? Өгей әке қызды түрсишең белдікпен сабаған

Қызын аяусыз ұрған өгей әкеге қандай жаза қолданылды.

Шымкентте кәмелет жасына толмаған қызды өгей әкесі ұрып келген,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Zhasalash-ке сілтеме жасап.

"Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәріге қыздың туыс әпкесі хабарласып, араша сұраған.

Туысының жазуынша, өгей әкесі қызды белдікпен ұрып-соғып, күн көрсетпеген. Қорлық көріп келген қыз қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған балаларды бейімдеу орталығында. 2017 жыл көрген қыздың әжесі полицияға арызданған. Бірақ жағдай өзгермеген. Қыздың анасы да қаншама рет соққыға жығылған. Өгей әке қызды өте қатты ұрып-соғып, тіпті шашын жұлған.

Аталған видеоға қатысты Шымкент қаласы полиция департаменті түсініктеме берді.

"Аталған жағдай 2023 жылдың сәуір айында орын алып, өгей әкеге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сот қаулысымен тараптар татуласып, іс бойынша тергеу жүргізу тоқтатылған. 2023 жылдың 21 желтоқсанында кәмелетке толмаған бала ювеналды полиция инспекторына ата-анасының үстінен шағым түсіріп, содан кейін бейімдеу орталығына орналастырылды. Ананы ата-ана құқығынан айыру туралы материалдар мамандандырылған сотқа жіберілді.

Айта кетерлігі, бұл отбасы жыл бойына полицияның ерекше бақылауында болып, тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қазір қыздың анасы дағдарыс орталығында, психологиялық және заңгерлік көмек алуда", - делінген хабарламада.