Сұмдық! Елдің су саласына 2 трлн ақша керек
2024-2030 жылдарға арналған су ресурстары
Ағымдағы 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға 2 трлн теңге қаражат керек. Бұл туралы Су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді,- деп хабарлайды Newsroom.kz
- Енді біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кешенді жоспар әзірлеуіміз керек. Бүгінде әрбір жергілікті атқарушы органдармен бекіткен кешенді жоспар бар. Барлық жұмысты жүргізу үшін жалпы бұл тек су қоймалары ғана емес, мұнда ирригациялық жүйелер, цифрландыру, су үнемдеу технологияларына іске асыруға шамамен 2 трлн теңге қажет, - деді Нұржан Нұржігітов Үкіметтің баспасөз орталығында.