Аймақтар

Түркістан облысында өнеркәсіп өнім көлемі 1 трлн теңгеден асыпты

Түркістанда өнеркәсіп өндірісі дамуда

Түркістан облысында 2023 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 1 000 977,2 млн.теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға көбейді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

 Бұл жайында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжанов брифингте айтты.

«Өнеркәсіп өндірісінің едәуір үлес салмағы (49,2%) – тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында. Өндіріс көлемінің өсуі тоқыма өндірісінде – 41,7%, жиһаз жасауда – 33,8%, мұнай өнімдерін өндіруде – 23,3%, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіруде – 21,2%, машина жасауда – 12,1%, тамақ өндірісінде – 6,9%. Сондай-ақ, республикадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі бойынша облыс көш бастап тұр. Облыста ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабы 870,2 мың гектарға жетті. Өңірде 2023 жылы ет өндіру 2022 жылғымен  салыстырғанда 3,2%-ға артып, 254 мың тоннаны құрады. Республика бойынша Түркістан облысы қой саны ең көп аймақ ретінде танылып отыр», – деді Нұрқожа Ермекұлы.