Жаңалықтар

Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді

Алматы қаласының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы сейсмикалық зерттеу орталығының мамандарына сілтеме жасап.

30 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 4 сағат 27 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Күні кеше Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов аппарат отырысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің сейсмикалық құбылыстарға дайындық және әрекет ету жұмыстарын сынға алған болатын. Әңгіме 23 қаңтарға қараған түні Алматы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды ​​облыстарының, сондай-ақ Шымкент пен Астана қалаларының тұрғындары сезінген жер сілкінісі туралы болып отыр. Алматы тұрғындары сезінген жер сілкінісінің күші 5 баллға жетті.