Мұрны мен қабырғасы сынып, көзі ашылмайды: қарағандылық жүргізуші қалай?
Жедел жәрдем жүргізушісіне не болған?
Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Newsroom.kz.
– Менде бәрі жақсы, денсаулығым аман. Мұрным мен қабырғам сынған. Көзім ашылмайды. Бұл видео былай болған: түнгі 23:57 кеткенде бізге шақырту түсіп, бір жасар кішкентай баланың ауырып қалғаны хабарланды. Сол үйге 5-7 минутта бардық. Екі фельдшер пациентті қарауға кіріп кетті. Бір сәтте бір аға фельдшер атып шығып, пациентті алып кетуге дайын отырамыз. Сол сәтте арттан байқасам, жедел жәрдем көлігі шайқалады. Айнаға қарасам, ешкім жоқ. Мына жақ айнаға қарасам, бір адам қолындағы тумбочкасын сыйғыза алмай келе жатыр екен. Мен түсінбедім. Ол маған боқтай бастады. Мен мән бермедім. Тереземе келіп, тағы боқтады. Қайтып келіп, тағы мені боқтады. Одан кейін мен шығып, неге боқтап жатқанын сұрадым. «Неге көлігіңді былай қоясың» дейді. Мен адам шақыруымен келгенімді айттым. «Мені көре тұра неге маған жол бермейсің» деді. Мен «сізді көрген жоқпын» деді. Сөйтіп, ол жігітке түсіндірем дегенше үш-төрт соққы алып, ол кетіп қалған. Пациент шыққанда көзім ісіп, жүре алмай қалдым. Сөйтіп басқа бригада шақырдық. Артынан полиция келді. Халық үшін қызмет етіп жүрміз. Аулаларға кіргенде түсініктікпен қарайық. Әр секунд, әр минут адам өмірін құтқаруда үлкен рөлге ие! Қолдауларыңызға үлкен рақмет! – дейді жедел жәрдем жүргізушісі.