Павлодар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Павлодар қаласының әкімінің орынбасары кім?
Павлодар қаласы әкімінің өкімімен Әнуарбек Дүйсембайұлы Аманов қала басшысының орынбасары болып тағайындалды,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Павлодар қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Әнуарбек Аманов бұған дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 12 жылдан асады.
Әнуарбек Дүйсембайұлы 1986 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2008 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «автомобиль және трактор жасау», 2020 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман болып бастады.
2009 - 2023 жылдар арасында Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінде қатардағы маманнан бастап, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы лауазымына дейін қызмет атқарды.
2023 жылдың ақпан айынан бастап осы күнге дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.