Жаңалықтар

Павлодар облысында жер астына түсіп кеткен автобус әлі іздестірілуде

Қоғамдық автокөлікте 4 адам болған

Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын"  кенішінің шахтасына апаратын жолда жер астына түскен автобусты іздеу 25 күннен бері жалғасып келеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Салонда авариялық-құтқару қызметінің 4  қызметкері болды. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.  Екеуінің денесі қайғылы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң - 4 қаңтарда жер бетіне көтерілді. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізілуде.