Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 қаңтар, 2024 / Рысжан Амантай / Sportroom

Елімізде «Арқан тартыс» федерациясы жұмысын бастады

Арқан тартыс әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді

Елімізде «Арқан тартыс» федерациясы жұмысын бастады
фото: "Арқан тарту" федерациясы

"Арқын тартыс" спорты биыл елімізде өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енді,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Халықаралық арқан тартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылып, бүгінде тасы өрге домалаған спорт түрі.

Аталған  Жаңадан құрылған Республикалық федерация президенті болып Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы тағайындалды.

Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы — «Alageum Electric» Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі. 2023 жылдан берi «Жамбы ату федерациясы» РҚБ президентi қызметiн
атқарып келедi. Жаңа басшының тағайындалyымен «жамбы атy» спорты қарыштап дамып, елiшiлiк бiрнеше жарыс кең көлемде ұйымдастырылды. Сонымен қатар алғаш рет «Тайтұяқ» жүлдесi сарапқа салынды. Спортшыларымыз бiренеше халықаралық жарыстан олжалы оралды. Федерацияның даму бағыты бойынша вице-президенті болып ҚР еңбек сіңірге жаттықтырушысы, спорт қайраткері Жабаев Нұрлан Жанпейісұлы, спорт жөніндегі вице-президент болып “Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының” директоры Сәбитов Бақдаулет
Маратұлы тағайындалды.

Жаңадан құрылған федерация Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арқан тартыстан қатысатын ел құрамасын жасақтауды көздеп отыр. Осыған орай еліміздің 5 аймағында іріктеу жарыстары өтеді.