Жаһандық бейбітшілік көрсеткіші бойынша Қазақстан бірінші орынға шықты

02 Наурыз, 2020 159 0

2019 жылы дүниежүзі бойынша экономика өсімі өткен жылмен салыстырғанда біршама кешеуілдеген (2019 жылы 2,4%, ал 2018 жылы 3%). Оған себеп Дүниежүзілік банктің әлемдегі саяси сауда соғысына байланысты болған деп баға беріп отыр.

Сонымен қатар ішкі саяси шиеленіс мемлекеттердің инвестициялық белсенділігіне қатты әсер еткен, деп хабарлайды Ranking. kz.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жаһандық тікелей инвестициялар 20% азайған, ол дегеніміз 572 млрд АҚШ доллары.

Мемлекеттің бейбіт жағдайы және өзге мемлекеттермен арақатынасы ел экономикасының, жалпы дамуына ықпал ететіні сөзсіз.

Жаһандық бейбітшілік көрсеткішінің биылғы жылға мәліметі бойынша өмір сүруге ең қауіпсіз мемлекеттер олар - Исландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Австрия және Дания болыпты. Сондай-ақ ондықтың ішінде Канада, Сингапур, Словения, Жапония және Чех мемлекеті болыпты. Бұлар 163 мемлекеттер арасында іріктеліпті.

Бұл көрсеткіш - негізінде ішкі факторлар мысалы мемлекет ішіндегі қылмыс пен зорлық-зомбылық, елдің ішкі және халықаралық қатынастары, әскерге қажетті шығындар және тағы басқа параметрлері бойынша есептелінген. Өмір сүрудің қауіпсіздігін жалпы 23 индикаторы бойынша есептелінген.

Ең қауіпті мемлекеттер көш басын - Ауғаныстан, Сирия, Оңтүстік Судан, Йемен және Ирак елдері бастапты. Бұл көрсеткіш бойынша көршілес Ресей мемлекеті де алғашқы ондықта болып тұр екен.

Қазақстан жаһандық рейтинг бойынша 64 орынды иеленіпті. Ал ТМД елдерінің ішінде "Ресей және Еуразия" деген бөлігінде бірінші орынға ие болыпты. Мұндай факторлар елге инвесторлардың қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Жаһандық тікелей инвестициялар ағымы азайғанмен, Қазақстан үшін олай болмаған. 2019 жылы 25 млрд, ал 2018 жылы АҚШ долларын құраған. Бұл деген 4,5 % өскенін көрсетеді.

Сонымен қатар алғашқы үштікке Молдова мен Қырғызстан кірген екен. Қос мемлекет жаһандық рейтинг бойынша алғашқысы 68 және 95 орында иеленіпті.

Тегтер: жаһан, бейбітшілік, өмірсүру, индекс, мемлекет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.