Сүйінші! Ақтаудың олигополиядан “алтын жерлер” қайтарылды
Учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылыпты
Каспий жағалауындағы Олигархтарға тиесілі "алтын" учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Маңғыстау облысының прокуратурасы 2023 жылғы жұмыс нәтижелері туралы хабарлады. Осылайша, қадағалау актілері бойынша экономикалық мүдделерді қорғау саласында мемлекет кірісіне 1,7 млрд теңге өндірілді.
Бұдан басқа, мемлекетке 9 млрд теңге сомаға мүлік қайтарылды, негізінен олигополия субъектілеріне тиесілі мүлік. Аумағы 80 мың га болатын 115 жер учаскесі, оның ішінде олигополия субъектілеріне тиесілі Каспий теңізі бойындағы" Алтын учаскелер" қайтарылған.