Күрішті күрмектен ажыратайық: Канделаки Мирзиеёвқа сүйсінді
Тина Канделаки Өзбекстан президентінің Қытайға сапары туралы жазды
Осыдан екі күн бұрын өзбек елінің басшысы Қытайға барған еді,- деп хабарлайды newsroom.kz.
«Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв Пекиндегі келіссөзде төраға Симен тек орысша сөйлесті» - деп жазды танымал ресейлік тележурналист Тина Канделаки өзінің телеграм каналында.
Осының алдында ғана Қазақстандағы тілге қатысты жағдайға өз пікірін білдірген Канделакидің жазбасы екі елдің ақпарат кеңістігін дүр сілкіндірген болатын.
Енді 23 қаңтар күні Қытайға мемлекеттік сапармен барған Шавкат Мирзиеёв пен Си Цзиньпинмен кездесуінен видео қиындысын салған Канделакидың бұл жазбасы – телеграм каналында 27 мыңға жуық қаралған.
«Өзінің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірмейтін, бірақ Ресей тарапына да көңіл бөлген талғампаз және сыпайы әрекет. Біздің тарап бұл қимылды бағалайтынына сенімдімін. Күрішті күрмектен ажырататын уақытт жетті» - деп жазған Канделакидің түбі – грек, тегі – грузин ұлтынан.
Өзбекстан президентінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Шавкат Мирзиеёвтің мамандығы – инженер-механик. Техника ғылымдарының кандидаты, доцент. Қанша тіл білетіні жазылмаған.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай президентімен тек қытайша сөйлесе алатын жалғыз президент. Бұдан бөлек, өзге 5 тілді меңгерген.