Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сұмдық! Қазақ жігіт айғырын 1 млн долларға сатпай қойыпты

100 жылда бір туатын тұлпар

Сұмдық! Қазақ жігіт айғырын 1 млн долларға сатпай қойыпты
Фото: Erika Rasmussen

Өз иесінің ғана емес, күллі Алаштың абыройын аспандатып, атағын шығарған сәйгүлік туралы иесі Тілек Мұханбетқалиев айтты,-деп хабарлайды Newsroom.kz Ұлттық  спорт қауымдастығы You tube арнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінбеді. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етті. Аттың иесінің айтуынша, сәйгүлікті сат деп қолқа салғандар көп болған.
Тұлпардың иесі Тілек Мұханбетқалиев Ұлттық спорт қауымдастығының Youtube арнасына берген эксклюзивті сұхбаты барысында біршама тың дерекпен бөлісті. Айтуынша, Кабирханның тұрқын көрген ат сыншылары оны 100 жылда бір туатын тұлпар деп бағалаған. 9 рет бәйгеге шауып, соның сегізінде бірінші, тек біреуінен екінші келген Кабирханға ат ұстаушылардың назары бірден ауған.

«Кабирханды сат дегендер көп болды. Ресейден де сұрады. Бірақ, келісе алмадық. Қанша ұсынғандары құпия болып қалсын. Ең көбі 1 миллион доллар берді, сатпадым. Біраз жүлде ұтты. Өз-өзін ақтап қойған. Ресейде 5,5 миллион рубль ұтты, теңгеге шақсақ 27 миллион теңге. Ал, Дубайда 126 мың дирхем жеңді. Енді оны курспен есептесек 35 мың АҚШ доллары»,-дейді аттың иесі.
Сондай-ақ, ол жарыстарға қатысқан сайын Кабирханның рейтингі өсіп жатқанын жеткізді.