Ресей тарихшысы қазақ ұлты болмаған депті
1917 жылғы революцияға дейін қазақ пен өзбек ұлты болмаған.
Ресейлік тарихшы Михаил Смолин «Вездений» ток-шоуында «1917 жылғы революцияға дейін қазақ пен өзбек ұлты болмағанын айтты,- деп хабарлайды Newsroom.kz
«Қазақстан қалай пайда болды? Шын мәнінде РСФСР құрамында Қазақ ССР-і пайда болды. Демек, ешқандай қазақ деген ұлт болмаған... Мысалы, өзбек ұлты да революцияға дейін болмапты. Тіпті, өзбек деген этникалық атау болмаған. Орталық Азиядағы бірнеше ұлттан өзбек құралды. Тура солай, әзербайжан ұлтын айтуға болады. Әзербайжан деген ұлт революцияға дейін болған емес. Ресей империясы өз жерін түрлі этникалық топтарға бөліп берді», - деді тарихшы.