Қылмыс

Дабыл! Белгісіз біреулер Ақтөбе мектептеріне қауіп төндіруде ме?

"400-ден аса адамды өлтіреміз" - белгісіз топ

Белгісіз біреулер телеграмнан арна ашып, Ақтөбедегі мектептерде ойран саламыз деп жүрген көрінеді,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын өзінің әлеуметтік желісінде айтты.

“Беслан” оқиғасының алдын алу керек. Белгісіз біреулер телеграмнан канал ашып, Ақтөбенің мектептерінде ертең ойран саламыз деп оттап отыр екен.

Актобе запомнит навсегда. Я попытаюсь убить как можно больше. Мы готовились к этому более года-деп ашық үркітіп отыр. Тіпті ойын болса да ойындағысын жазып жатқан бұл оңбағандарды тауып, жазалау керек. Осыны оқыған кейбір ата-аналар баласын мектепке жіберуден қорқа бастаған. Ел ішіне іріткі салып, дүрбелең тудыру кімге керек? Ақтөбе облысы әкімдігі неге ұйықтап отыр",- деп жазды журналист.

Белгісіз топ өздерінің телеграм арнасында 400-ден аса адамды өлтіреміз деп жоспарлап отырғанын жазған. Қаскөйлердің мақсаты - Ақтөбе мектептеріндегі адамдарды жаппай өлтіру ме?

Құзырлы органдардан аталмыш жағдайды қатаң бақылауға алып, қоғамға дүрбелең туғызбауға мүмкіндік беруді сұраймыз.