Қылмыс

12 млн! Шымкенттіктер балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа қомақты қаржы беріпті

Шымкент тұрғындары алаяқтың айласына түсті

Шымкенттің Еңбекші ауылдық полиция басқармасына үш азаматша арызданды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Жәбірленушілерге бейтаныс әйел балабақша жұмысқа кіргіземін деп уәде берген көрінеді.

Айласына арбап, күдікті "еңбегі" үшін азаматшалардан жалпы құны 12 млн теңге қаржы талап еткен.

Қылмыс бойынша полиция қызметкерлер шара қолданып, жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Қазір күдікті әйел қамауда отыр. Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың айласына түспеуді, бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша аудармауды, тек тиісті мекемелерден қызмет алуды ескертеді.