Кадрлар

Құтты болсын! Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Сарин ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырындағы Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры қызметіне тағайындалды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Қалқаман Сариннің жаңа лауазымын оның досы, ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желісінде бөлісті.

Ал ағайын, бүгін Қалқаман Сарин досым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырындағы Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Абыройлы қызмет болсын деп тілеймін! – деп жазды Серікзат Дүйсенғазы.