Жаңалықтар

Шипасын берсін! Құрманай Бақтиярқызы сырқаттанып қалыпты

Белгілі әнші оқырмандарынан құрбысына арнап дұға етуін сұрады

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желісінде құрбысы Құрманай Бақтияқызының денсаулығы туралы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Аллаға шүкір. СубһанАллаһ. Құрманайымыз ояныпты. Алла осы мықтылығыңнан айырмасын, Құрмашым. Бала-шағаңа, ата-анаңа аман-есен, он екі мүшең сау болып, қосылуыңды нәсіп етсін Аллам", - деді әнші.

Бұған дейін әнші, ақын Құрманай Бақтиярқызының ауыр дертке шалдыққанын хабарлаған еді.

"Алла шипасын берсін, Құрманайым! Құрманай Бақтиярқызына дұға жасап қойыңыздаршы, қымбатты менің оқырмандарым! Құрманай қыздарыңыз ауыр халде жатыр", - деп жазды Алтынай Жорабаева.