Қазақтардың қарғысынан кейін Канделаки өліп қала жаздапты
Тина Канделаки суицид жасапты
Қазақ халқының әлеуметтік желідегі жазбалары мен қарсы пікірлерінен кейін ресейлік тележүргізуші, ТНТ-ның директоры Тина Канделаки күйзеліске ұшырап, суицидке баруға талпынған,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Dala inside телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиға осы түнде Мәскеуде орын алып, Кремль тарапынан дереу құпияландырылды, - дейді дереккөз. Мәскеу полициясына іс қозғауға тиым салынды.
Тина Канделаки күйзелісті ащы сусын арқылы баспақ болған. Ішімдікті көп мөлшерде қолданғаннан кейін, өмірден кетуге шешім қабылдап, ұйықтатататын дәрінің бір қорабын ішкен.
Оқиғаны байқаған құрбысы жедел-жәрдем қызметін шақырған. Дәрігерлер дереу токсикологиялық реанимация шараларын қолданып, тележүргізушінің өмірін сақтап қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Тина Канделаки Қазақстанға кіруге тиым салынғаны туралы мәлімдеме жасаған ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровты Мәскеуге әңгімеге шақырып, телеграм каналына пост жазғанын хабарлаған едік.
Ал оның алдында Тина Канделаки Қазақстанның орысша атаумен қалған теміржол бекеттерін қазақшалап жатқанына шамданып, пост жазып, тіпті қазақ халқын мәңгүрттерге теңеген еді.
Аталмыш жайтан кейін пікірде қазақ халқының қарғысы мен буллингіне ұшырап, көп сынға қалды.