Депутат Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ахуалды арттыру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымнан мақұлдады,- деп хабарлайды Newsroom.kz
Заң жобасында нәрестелерге туа сала жеке сәйкестендіру нөмірін бекіту қарастырылған.
– Жаңа туған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр, – деді Смышляева.