Жер сілкінісі туралы ескерту жүйесін Антикор тексеріпті
Алматы қаласы бойынша Антикор департаменті "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің өтінішін тіркеді
1,1 млрд теңге жұмсалған сейсмикалық ескерту Алматыдағы жер сілкінісі кезінде жұмыс істемеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеруді бастады,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукеновтың айтуынша, ықтимал бұзушылықтар туралы хабарлама "Әділдік жолы" ҚБ директоры Дидар Смағұловтан келіп түсті. Қоғам қайраткері ескерту жүйесі мен жауапты тұлғаларды тексеруді сұрады.
"Біз бұл ақпараттан хабардар болып отырмыз. Аталған факті бойынша Алматы қаласы бойынша Антикор департаменті "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің өтінішін тіркеді. Материалдар тексеру жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді және оның нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады", — деді Тілеукенов.