Алматыда сүт безі обырымен ауратындар көбейді
Өткен жылы Алматыда 5,5 мыңға жуық науқас есепке алынды.
Қазіргі уақытта есепте 31 мыңнан астам адам тұр, бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден 8,2% - ға артық,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Брифингте Алматы Онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов қатерлі аурулар бойынша статистиканы ұсынды.
Өткен жылы Алматыда 5,5 мыңға жуық науқас есепке алынды. Онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрлерінің тізімінде:
▪️сүт безі қатерлі ісігі-14,5% (794 жағдай);
▪️колоректальды қатерлі ісік-8,9% (489 жағдай),
▪️өкпе рагы-6,0 % (332 жағдай),
▪️қуық асты безінің қатерлі ісігі-5,2% (288 жағдай).
Ізбағамбетов жаңа пациенттердің едәуір бөлігі Алматыға сапалы медициналық көмек алу үшін басқа өңірлерден келетінін атап өтті.