Әзілкеш, асаба және "Южная столица" КВН командасының бұрынғы мүшесі Амиран Геворкян Сочидегі КВН фестивалі кезінде төбелесте қаза тапты, деп хабарлайды newsroom.kz сайты "Пятый канал" арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 18 қаңтарда "Жемчужина" қонақ үйінің аумағында болыпты. Әзікеш қазір полиция іздеп жүрген тағы бір ойыншы Артур Расуловпен төбелескен.
"Ол Амиранды төменге итеріп жіберді, ол басын баспалдаққа соғып, есінен танып қалды. Амиран басынан ауыр жарақат алды. Бастапқыда жедел жәрдемді шақырғандар Амиран екі метр биіктіктен құлады деп мәлімдеді, бірақ кейінірек қонақ үйге кіре берісте болған жанжал белгілі болды", - деді дереккөз.
Жанжалдан кейін Амиран Геворкиян шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. 31 жастағы әзілкеш комаға түсіп, онда екі күннен кейін қайтыс болды.
Желі қолданушылары Амиранның жақындарына көңіл айтып, мықты болуға шақыруда. Әзілкешті жер қойнына тапсыру уақыты туралы әлі хабарланған жоқ.