Жаңалықтар

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде сәбилер зардап шекті

Барлығы 67 адам қалалық стационарларға медициналық көмекке жүгінді, оның 12 - сі балалар.

Жер сілкінген уақытта 6 және 7 айлық сәбилер жерге құлап үйде жарақат алған,-деп хабарлайды Newsroom.kz.

"Бір сәби анасының қолынан, екіншісі бесіктен құлап түсті. Барлық балалардың жағдайы орташа, тұрақты деп бағаланады. Қазіргі таңда Нейрохирургия және травматология бөлімшесінде ем алуда. Хирургиялық операциялар жасалмады, емдеу консервативті", - деп нақтылады ведомстводан. 

Барлығы 67 адам қалалық стационарларға медициналық көмекке жүгінді, оның 12 - сі балалар.  3 ересек пен 5 бала ауруханаға жатқызылды. Қалған науқастар амбулаториялық емге жіберілді. 

"Үш ересек пациент жедел медициналық жәрдем ауруханасында. Науқастардың бірі операциядан кейін реанимацияда, жағдайы ауыр деп бағаланады. Екі науқас травматология және ортопедия бөлімінде, орташа ауырлықтағы жағдай", - деп қосты қала әкімшілігі.