Жер сілкінісі: Алматыда такси бағасы аспандапты
Ұзынағашқа әдетте 2000 теңгемен баратын таксистер, қазір 20-50 мың теңгеге дейін сұрауда.
Алматыда жер сілкінісінен кейін такси жүргізушілері бағаны екі есе көтеріп жіберген,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Алматы көшелерінде және жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында көліктер кептелді.
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы оқиғаны пайдаланып, аспандағы бағаны айтып жатыр екен", - деп оқырмандар жазба жариялауда.
Жүргізушілер қала сыртына жеткізу үшін бағаны аспандатып жіберген. Себебі, Ұзынағашқа әдетте 2000 теңгемен баратын таксистер, қазір 20-50 мың теңгеге дейін сұрауда. Бұл желі қолданушыларының жан-айқайы.
Еске салайық, жер сілкінісінің қуаты – шамамен 4 балл.