ҚазҰУ жатахқаналарында зілзалдан кейін ұсақ жарықтар пайда болыпты
Зардап шеккендер жоқ
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкіметтік брифингте Алматыдағы жер сілкінісі кезінде студенттерді эвакуациялау қалай жүргізілгені туралы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Министрдің ақпаратынша, Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында 198 мың студент білім алып жатыр екен.
"Алғашқы жер асты дүмпулері туралы ақпарат келгенде біз дереу әрекет еттік, барлық студенттер шұғыл эвакуацияланды. Барлығы тәртіппен өтті. Ректорлар мен проректорларға, студенттік ұйымдардың жетекшілеріне алғысымды білдіремін."Өкінішке орай, ҚазҰУ-дың №6 және №8 жатақханаларында құрбандар мен қираулар болды деген жалған ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз дереу ақпараттық хабарлама жібердік, біздің өкілдер барлығын орнында тексерді, бар-жоғына көз жеткізді. Ұсақ жарықтар пайда болды, бірақ құлау қаупі жоқ. Тиісті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бүгінде жағдай толығымен бақылауда, біз барлық ректорлармен байланыстамыз", - деді Саясат Нұрбек.