Жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Илья Мизерных елге оралды

 

 

Шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Канвондағы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпазын жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Бұл - Қазақстанның қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль.

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында медаль саны бойынша жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 9-орында тұр.