Жаңалықтар

Қазақстанда үздік IT-директорды анықтады

Kazakhstan Growth форумы аясында еліміздің ең үздік IT-директоры анықталды, ол - қазақстандық EasyTap стартапының негізін қалаушы Темірлан Қабылбеков.

Kazakhstan Growth форумы аясында еліміздің ең үздік IT-директоры анықталды, ол - қазақстандық EasyTap стартапының негізін қалаушы Темірлан Қабылбеков. Марапатты форум төрағасы Эльдар Әбдіразақов табыс еткен,-деп хабарлайды Newsroom.kz

EasyTap – икемді уақыт кестемен жобалық немесе сағаттық жұмысты табуға көмектесетін қазақстандық стартап. Сондай-ақ, онлайн-сервис бизнеске уақытша қызметкерлерді цифрлық түрде жылдам жалдау мүмкіндігін береді. Бүгінде платформаға 100-ден астам бренд қосылған және 200 000 астам жұмыс іздеушілер тіркелген, олардың 80%-дан астамы 19 бен 21 жас аралығындағы 3-4 курс студенттері. Жоба Қырғызстан нарығында да жемісті жұмыс жасауда.

Үздік CIO байқауын өткізу бастамасы технологиялар мен IT шешімдерді енгізуге үлес қосқан, оларды бизнес-процестерінде тиімді пайдаланған қазақстандық жетекші IT-директорларды, сондай-ақ серпінді өнімдерді әзірлеген компанияларды тану үшін арналған. Осылайша, Қазақстандық Технологиялар Саммиті цифрландыру саласындағы IT-қауымдастықтар арасындағы бәсекелестік, құзыреттерді дамыту, озық тәжірибелерді трансляциялау және білім базасын шоғырландыру үрдісін белгілейді.

Kazakhstan Technology Summit алаңы Қазақстандағы ІТ көшбасшыларының және жаңа технологиялық шешімдер саласындағы әлемдік жетекші сарапшылардың ірі кәсіби форумы. K-Tech – инновациялық шешімдер мен технологиялар саласындағы тәжірибе алмасуға арналған кәсіпқойлар саммиті. Шара 2018 жылдан бері Қазақстандық өсу форумы аясында өткізіліп келеді.