Д.Назарбаеваның менеджері, Д.Нұржігіттің күйеуі: марқұм Рерих кім еді?

Еуразия медиаформының бұрынғы бас продюссері Владимир Рерих 1958 жылы Талдықорғанда туған.

Фото: Ашық дереккөзі

«Хабар» агенттігінің бұрынғы бас директоры 67 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның бұрынғы әйелі, әріптесі Дана Нұржігіт Instagram әлеуметтік желісінде деп хабарлайды,-Newsroom.kz 

– Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен… Володя,Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды… – дейді Дана Нұржігіт.
Еуразия медиаформының бұрынғы бас продюссері Владимир Рерих 1958 жылы Талдықорғанда туған. Еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған. Елдегі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек еткен. Ораз Рымжановпен бірге түсірген «Полигон» фильмі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. Әр жылдары әртүрлі телеарнада «Майдан», «Что делать?», «Формула личности» ток-шоуларын жүргізіп, деректі фильмдерді түсірген. Еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған Владимир Рерих Еуразия медиаформының продюсері қызметін атқарды. Дариға Нұрсұлтанқызының кезекті медиа жобасының аяққа тұруына өз үлесін қосты.

Тележүргізуші 1987-1994 жылдары "Советтік Қазақстан" киножурналында режиссердің көмекшісі,редактор болдаы. Кейін ол "Қазақфильм" киностудиясында режиссер, сценарист, көркемдік  жетекші қызметтерін атқарған. 1996-2003 жылдары "Хабар агенттігінде" басшылықта жұмыс істеген. 2006-2011 жылдары –Еуразиялық медиа форумның бас продюсері, Хабар телеарнасындағы Поздний Рерих телебағдарламасының авторы және жүргізушісі болған. 2012 жылы Германияға қоныс аударған болатын.  
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары  Поволжьенің немістері ұлттық мемлекеттілігінен айырылып, түгелдей қуып жіберілді. Рерихтың анасы мен әжесі Поволжьенің немісі. Ал әкесінің ұлты қарашай. Олар Қазақстанға жер аударылған. Талдықорғанда танысып, отбасын құрған.

Біздің үйдегілер қос тілді болды. Үйде неміс және орыс тілдерінде сөйлейтін. Әжемнің орысшасын қатты акцент бар еді. Аздап қазақша да түсініп, тіл қататын. Бірақ негізінен неміс тілінде сөйлейтін. Айтпақшы, анам қазақ тілін жетік білетін, – дейді Владимир Рерих бір сұхбатында.

Көпшілікке Дариға Назарбаева медиакеңістіктегі кеңесшілерінің бірі ретінде танылды. Өйткені 1996 жылы сол кезде жаңадан құрылған «Хабар» агенттігінің басшылығына келді. Бірақ сұхбаттарының бірінде журналистің өзі «мен ешқашан өзімді біреудің қанатының астында жүргендей сезінбеппін, мен Дариға Назарбаевамен тең дәрежедегі серіктес болдым» деген.
Қандай дәрежедегі серіктес болғаны белгісіз, бірақ Дариға Нұрсұлтанқызына қатысы бар жобалардың барлығында жүрді. 
Ол 1997-2001 жылдар нағыз керемет кезең болды деген еді. Дариға Назарбаева сол тұста қатты сенім артыпты. 2000 жылдардың басында «Хабар 2» деген тек 100 пайыз қазақ тілінде арна ашылған. Кейін оның аты «Еларна» деп өзгерді. Владимир Рерих бұл өзінің идеясы болғанын айтады.
Дариға Назарбаева «Асар» партиясын құрғанда Владимир Ахмадьяновичте қасынан табылды. 2003-2005 жылдары партияның саяси кеңесінің мүшесі болды. 2004 жылы Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркелді. Бірақ төменгі палатаға өте алмады. Тіпті, «Асар» газетінде редактор да болды.
Қазақстаннан кетер алдында бірнеше жыл «Поздний Рерих» бағдарламасын жүргізді.
Бағдарламасын жауып тастағанда көңілі қалып, елден кетуге шешім қабылдады. Нағашыларының елі Германияға көшті. Айтпақшы, «Хабарда» жүргенде белгілі тележүргізуші Дана Нұржігітпен отау құрды. Әлім атты ұлы бар. Былтыр желтоқсан айында бұрынғы жұбайы баласын ертіп, Германияға да барып қайтты. Кеше өмірден өткенде сағынышқа толы жазбасын да арнады. Соңында кешірім сұраған.

1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық. Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме,ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің билік өлшемі болдың. Парасатың, білімің, шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді. Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ, қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя! Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын! Кешір мені!,- делінген жазбада. 
Оның бірінші әйелінен бір ұл, бір қызы бар.  Қызы тұрмысқа шыққан. Австрия астанасы Венада тұрады. Ұлы Германияда.

Жүктелуде...