Жаңалықтар

Өкілдік аша ма? Қазақстанға башқұртбасы келе жатыр

Елімізге Башқұртстан Республикасының басшысы келе жатыр

Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров Қазақстанға іс-сапармен келе жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы gov.kz-ке сілтеме жасап.

2024 жылғы 23-24 қаңтарда өтетін сапар аясында башқұрт делегациясы "Қазақстан-Башқұртстан" бизнес-форумына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысады.

Фото: commersant.ru   Айта кетейік, бұған дейін Башқұртбасы Радий Хабировтың өз елінің азаматы, қоғам белсендісі Фаиль Алсыновқа арыз жазғанын айтқан едік.