Голливудтық Актер Арми Хаммер 26 жастағы Марина Гриске үйлену туралы ұсыныс жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Daily Mail сайтына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, Голливуд актерінің жүрегін жаулаған Қазақстандық ару Марина Грейс қазір Прагада тұрады. Грис it-кеңесші қызметін атқаратын көрінеді. 2023 жылдың шілдеде Римде танысқан жұп шаңырақ көтермек ниетте екен.
Күзде Хаммер сүйіктісіне гауһар тасты сақина сыйлап, үйленуге сөз салған.
Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында Арми Хаммер әйелі Элизабет Чамберспен ажырасты. Ерлі-зайыптылар 10 жыл бірге тұрған. Құжаттарда "Тараптар өздерінің мүлкіне және некеде алынған құқықтарына қатысты жазбаша келісім жасасты," делінген.
37 жастағы Арми Хаммер мен 41 жастағы Элизабет Чемберстің 9 жасар қызы және 6 жасар ұлы бар.
2023 жылдың жазында Хаммерден сексуалдық зорлық-зомбылық туралы айыптаулар алынып тасталды. Бір емес бірнеше қыз әртісті зорлық көрсетті деп айыптаған. Тіпті, қыздардың бірі актерді каннибал деп атаған. Хаммердің өзі каннибализм туралы айыпты жоққа шығарды, бірақ қыздарға эмоционалды зорлық-зомбылық көрсеткенін мойындады.