Иманды болсын! Жамбылда теміржол қызметкерлерін пойыз қағып кетіпті
20-30 жылға жуық теміржолда қызмет атқарыпты
21 қаңтар күні Шу-Шығанақ пен Жиделі-Бірлік учаскесінің аралығында пойыз екі қызметкерді қағып кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Шу станциясы аумағында 4 қызметкер вагондардан түсіп қалған пойыз жабдықтарын іздеуге шыққан. Сол мезетте №71 пойыз екі қызметкерді қағып кеткен. Екі қызметкер де алған жарақаттарынан көз жұмған.
62, екіншісі 57 жастағы теміржол қызметкерлері теміржолда 20-30 жылға жуық қызмет атқарған екен.
Шығанақ-Шу учаскесінің маңында теміржол көлігінің екі қызметкерімен жазатайым оқиға болды. Пойыз жүргізушісі тежегішті басқанымен апаттан құтылу мүмкін болмады. Барлық мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тергеу басталды, - деп хабарлады Қазақстан темір жолы компаниясының өкілдері.
Қазақстан темір жолы компаниясы қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсететінін жеткізді.